ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ МЫҚТЫ?

0

Қазақстан мықты төлқұжаттар бойынша Henley Passport Index рейтингінде 68-орынды иеленді. Әлемдегі ең мықты төлқұжат әлі де Сингапур еліне тиесілі — бұл құжатпен 193 елге визасыз кіруге болады.

Екінші орынға бірден сегіз мемлекет жайғасқан, бұл елдердің азаматтары 190 мемлекетке арнайы рұқсатсыз кіре алады екен:

Финляндия;
Франция;
Германия;
Италия;
Жапония;
Оңтүстік Корея;
Испания;
Швеция.

Үшінші орынды алты ел өзара бөлісті: Австрия, Дания, Ирландия, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания.

Қазақстан төлқұжаты 68-орында — біздің елдің азаматтары 77 елге визасыз кіре алады.

Рейтинг соңында Ирак, Сирия және Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтары небары 29, 28 және 27 елге визасыз кіре алады.


ПІКІР ЖАЗУ