ЖОЛДАУ МАҚСАТЫ — ОРТАҚ МІНДЕТ

0
Бүгін Шымкент қаласының ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылау өтті.
Кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, журналистер қатысты. Кездесуді ашқан ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев, Жолдауда айтылған еліміздің экономикалық дамуының негізгі тетіктерін айтып өтті. «Бұл Жолдауда өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр»-дескен ардагерлер, Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.
Жолдау аясында атқарылатын іс-шаралардың орындалуы жолында өмірден алған тәжірибелерімен де бөлісетіндіктерін айтты. Ардагерлер «Жолдау бүкілхалықтық қолдауға ие болғанда ғана нәтижелі болады»-дей келе,іІргесі берік, төрт құбыласы тең Әділетті Қазақстанды құру жолында адал еңбек етуге шақырды.

ПІКІР ЖАЗУ