ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

0
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазір вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады.
Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен боялған және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылады. Құрылыс материалдары беріктігімен ерекшеленеді, ылғалға төзімді.
Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ