ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕН БАРЛЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ
Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Әкімнің тікелей қабылдауына 200-ге жуық азамат өтініш білдірді.
Қала басшысы халықпен ашық байланыс орнату мақсатында барлық тұрғынның мәселесін тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді. Қабылдау барысында әкім мәселенің бәрі заң шеңберінде шешілетінін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, кезек күттірмейтін мәселелер басты назарында болатынын жеткізді. Сондай-ақ қабылдауда әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары 400-дей тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиімді шешу жолдарын түсіндірді.