ОҚМПУ-ДА ЖОЛДАУ НАСИХАТТАЛДЫ
ОҚМПУ ұжымы және студент жастарымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын (2023 ж. 1 қыркүйек) түсіндіру-насихаттау бойынша іс-шара өтті.
Алқалы жиынға модераторлық жасаған ОҚМПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Анарбаев Қ.С. «Жаңа бағдарлы жолдау» тақырыбында арнайы баяндама жасады. Іс-шараға Шымкент қалалық Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы — Исахов Мағжан Шыңғысұлы қатысты.
Жастар жетекшісі бүгінгі күнгі жастардың арасында жиі кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешудің жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Қосалқы баяндама жасаған саясаттанушы ғалым А.Қылышбаев еліміздегі соңғы 3 жылдағы саяси реформалардың жолдаумен сабақтас тұстарына тоқталды.
Жарыс сөзге шыққан белсенді студенттер өз пікірлерімен бөлісе отырып, замандастарын жолдауды терең оқып танысуға және қолдауға шақырды.