ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ МЕКТЕПТЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай волейболдан аудан әкімі кубогіне арналған турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты салауаттылықты, бұқаралық спортты насихаттау мен аудан мектептері арасында өзара ынтымақтастықты арттыру болатын.
Турнирге аудан аумағындағы 20 мектеп құрамасы қатысты.Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша жеңіске 72 мектеп құрамасы жетті. Ал, ІІ тұғырдан 71 мектеп құрамасы көрінді. Жүлделі ІІІ орынды 113 мектеп құрамасы иеленді.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Ал, жеңімпаз командаларға аудан әкімінің арнайы кубогі мен жүлдесі табысталды.
Аудан басшысы Р.Мүлкеманов турнир қатысушыларына алғысын білдіріп, аталған бағыттағы іс-шараның алдағы уақытта аудан мектептері арасында дәстүрге айналатынын жеткізді.