2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 100 МБИТ/С ДЕЙІН ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

0
Бүгінде Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дананы құрайды. Қала мектептерінде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды.
Интернетпен қамтуға келсек 2022 жылы мектептердегі интернет жылдамдығы 20 Мбит/с төмен болған. Аталған мәселені шешу үшін 2023 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты Цифрландыру басқармасы арқылы мектептердің цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін жылдамдығы 100 Мбит/с кем емес интернетпен, бейнебақылау және дабыл батырмаларын Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланып, 50 Мбит/с қамтамасыз етілген.
2022 жылы 12,8 млн.тг. қаржы қаралып, 133 758 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 2023 жылы 134 228 оқушы қамтылған Қаржысы – 13 364,1 млн.тг. Өткен жылмен салыстырғанда қаралған қаржы көлемі 564,1 млн.тг. артқан.

ПІКІР ЖАЗУ