ҚАЛА ӘКІМІ «КӨМЕШ БҰЛАҚ» БАЗАРЫ АУМАҒЫНДАҒЫ АВТОТҰРАҚТЫ КӨШІРУДІ ҚОЛДАДЫ
![](https://alashinfo.kz/wp-content/uploads/2023/11/41-905x613.jpg)
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан облысының оңтүстік аудандарына қатынайтын көліктер тұрағының жағдайымен танысты. «Көмеш бұлақ» базары аумағында Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарына 500-ге жуық көлік қатынайды. Соның салдарынан халық көп шоғырланатын аумақта көлік қозғалысы қиындап, кептелістер орын алуда.
🔷 Қала әкімі жауаптылар тарапынан ұсынылған автотұрақты А-2 автомобиль жолының жолайырығы маңына көшіру туралы ұсынысқа қолдау білдірді. Озық үлгідегі автостанция жеке инвестордың есебінен салынады.
🔷 Ал қазіргі автотұрақ аумағы ретке келтіріліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 4 «Сергек» бейнекамерасы орнатылатын болады. Жаяу жүргіншілердің бейберекет қозғалысын болдырмау үшін арнайы турникеттер орнату жоспарлануда.
🔷 Қала әкімі жауаптыларға жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында автотұрақты көшіру бойынша тиісті жұмыстарды шұғыл іске асыруды тапсырды.