ӘКІМ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҮШІН НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

0
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп-гимназиясын аралады.
Үш тілде білім беретін гимназия – мегаполистегі ең үздік мектептердің бірі. Шәкірт санының артуына байланысты білім ғимаратының жанына қосымша оқу корпусы салынып, биыл қыркүйекте пайдалануға берілген. Заманауи талапқа сай салынған 1 100 орындық жаңа нысанда 68 сынып бөлмесі, 250 орындық акт залы, спорт зал және 320 орындық асхана қарастырылған.
Қала әкімі Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына қосымша ғимараттың пайда болуына орай туындаған жылу мәселесін тез арада шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Ал гимназияның ескі ғимаратын келесі жылы күрделі жөндеуден өткізу үшін тиісті жұмыстарды жүргізуді қалалық Білім басқармасының басшысына тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ