ҚАЛА ХАЛҚЫНЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУХАНАЛАРДАҒЫ ТӨСЕК ОРЫН САНЫ АРТУДА

0
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 3 мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы, 14 емхана, 15 аурухана, 4 оңалту орталығы, медициналық колледж, ЖИТС орталығы, қан орталығы, залалсыздандыру орталығы, жедел медициналық жәрдем станциясы, бөбектер үйі және диагностикалық орталық қызмет көрсетеді.
Қала халқының өсуіне байланысты 2019-2022 жылдар аралығында 12 жаңа емхана ашылған. Бүгінде 2019 жылмен салыстырғанда емханалардың орташа жүктемесі 34 мыңнан 22 мыңға азайса, ауруханалардың төсек орын саны 3376 дан 4383-ға артқан. Нормативке cәйкес емханалардың орташа жүктемесі 30 мың халық. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлер саны — 4 974, орта медициналық қызметкерлер саны — 10 697 құрайды. Айта кету керек, Шымкент қаласында халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі бойынша халыққа сапалы және уақытылы медициналық қызмет көрсету мақсатында 20 медициналық ұйым аккредиттеуден өткен. Жыл соңына дейін медициналық ұйымдарды ұлттық аккредитациядан өткізуді 35 %-ға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қалалық диагностикалық орталық дәріханасы GPP стандартына сәйкес сертификатталған. Сондай-ақ медициналық мекемеде GPS навигациясы базасында аймақтық медбикелердің қызмет көрсету аумағына байланысты аула аралау жұмысын қадағалауға арналған бақылау жүйесі енгізілді. № 1, 3, 7 қалалық емханаларда үздік практика орталықтарын ашу бойынша жол картасы бекітілді, қазіргі таңда оқыту жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, үшінші мегаполисте денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қала аумағындағы бірқатар ауруханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осының арқасында өңірдегі медицина саласында бірқатар ауыз толтырып айтар жетістіктер байқалуда. Мәселен, биылың өзінде шаһарда бірқатар күрделі оталар сәтті жасалды. Мұның өзі — атқарылған жұмыстардың жемісті нәтижесін айғақтайды.

ПІКІР ЖАЗУ