ШЫМКЕНТ: ЖАҢА МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН КАБИНЕТПЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ АРТАДЫ
Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72 пайыздан 85 пайызға артатын болады. Бүгінгі күні 60 кабинеттің құрал-жабдықтары білім беру мекемелеріне 100 пайызға жеткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жоспарына сәйкес, цифрлық оқулықтарға да қаржы қаралған. Оның ішінде, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер үлесі 65 пайызды құрайтын болады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарына барлығында арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, олар Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілген. Айта кету керек, қала мектептеріне жүргізілген монитроринг барысында бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, 4 мектепте асхана мәселесі, 5 мектепте арнайы спорт зал мәселесі және 5 мектепте интернактивті тақталардың істен шығуы анықталған. № 108 мектепте мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргілген байқауда жеңімпаз болып танылған компанияның өз міндеттерін орындамауы себепті, мектеп әкімшілігі 2023 жылғы 31 шілдеде компаниямен келісім-шартты бұзып, мемлекеттік сатып алу порталына 1 тамызда қайта байқау жариялаған. Мектеп ауласында екі оқу корпусы орналасқан. Жылу жүйелері опрессовкадан өткен. Бір оқу ғимаратына бояу, тазалау жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізілген. Екінші оқу ғимаратын мемлекеттік сатып алу порталындағы байқау жұмыстары аяқталған соң жүргізу жоспарлануда»,- деген департамент басшысы. Мониторинг қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің әкімшілігіне ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауын тұрақты қадағалап отыру бойынша ұсыныстар берілді.