ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Бәйдібек ауданына арнайы іссапармен барды. Алдымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс көлеміндегі су тасқынының алдын алу бойынша жиын өтті.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша өртке қарсы қызмет, жедел жәрдем медициналық көмек көрсету, радиациялық және химиялық барлаушылар қызметі, электр қуатымен және байланыспен қамтамасыз ету қызметтері, қоғамдық қауіпсіздік, жануарларды және өсімдіктерді қорғау, жолдар мен көлік және құтқару, сауда және азық-түлік қызметтерінің материалдық базасымен танысып, азаматтық қорғаныс қызметтерінің дайындығын көрді.
Сапар аясында Зұлпыхар Жолдасов аудан әкімі Ерлан Нұрмахановпен бірге Боралдай мен Шаян өзенінің арнасын және «Қапшағай» су қоймасында жүргізіліп жатқан реконструкциялау жұмыстарының барысын бақылады. Су қорғағыш плиталары сырғыған Боралдай өзені дамбасын және Шаян өзенінің арнасына бетонмен бөгет жасаудың жобасын ұсынуды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ