ЕЛІМІЗДЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ПАЙДА БОЛДЫ

0

Енді Қазақстанның бірқатар қаласында алақаныңызды сканерлеу арқылы төлем жасауға, бірнеше қызмет түрін төлем карталары мен QR кодсыз-ақ алуға болады. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады.

Отандық ІТ-мамандар ойлап тапқан құрылғы алақанның көмегімен төлем жасауға көмектеседі. Төлем жасау үшін сканерге алақанды жақындатсаңыз болғаны. Еліміздің ІТ мамандары адам биометриясын танитын жобаны 2020 жылы ойлап тапқан. Жаңа төлем жүйесі былтыр жыл соңынан бастап пилоттық режимде іске қосылды. Бұл ерекше жүйеге төлем картасының нөмірін және жеке мәліметтерді енгізсеңіз болғаны. Сондай-ақ стартап жоба бірқатар мектепте іске қосылған.

«Алматыдағы мектептерде орнатылмады, алайда жоспарда бар. Қазір Көкшетауда, Ақтөбеде іске қосылды. Енді Астанадағы білім ошақтарына қойылады», – деді Аlaqanpay жобасының жетекшісі Роман Маргацкий. Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, қалада түрлі тың жоба ойлап табатын 70 мыңға жуық ІТ-маман бар.


ПІКІР ЖАЗУ