700-ДЕН АСТАМ ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТ ШЫҰ САММИТІНЕН ХАБАР ТАРАТЫП ЖАТЫР

0

Бүгін 700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«700-ден астам шетелдік және 200-ден астам қазақстандық журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Әлем назарын аударған шараға еуропалық БАҚ үлкен қызығушылық танытты», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.


ПІКІР ЖАЗУ