ЖАПОНИЯДА ТУУ КӨРСЕТКІШІ БЫЛТЫР РЕКОРДТЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

2024 жылы Жапонияда дүниеге келген балалар саны өткен жылмен салыстырғанда азайып, 720 988 баланы құрады.
Бұл — Жапонияда туу көрсеткіші рекордтық төмен деңгейге жеткен қатарынан тоғызыншы жыл, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік мәліметіне сәйкес, шетелдіктердің балалары да қосылған жалпы туу саны өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға азайды. Бұл үрдіс кеш үйлену тенденциясымен және өмір сүру құнының өсуіне байланысты балаларды тәрбиелеуге деген алаңдаушылықтың артуымен байланысты, деп жазады ақпарат агенттігі.
2024 жылы қайтыс болғандар саны 28 181 адамға артып, жалпы 1 618 684 адам болды, бұл да рекордтық көрсеткіш. Табиғи халық санының азаюы 897 696 адам болып, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.
Өткен жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші Жапонияның барлық 47 префектурасында төмендеген.
2024 жылы жапон азаматтарынан туған балалар саны алғаш рет 700 мыңнан төмен түсуі мүмкін деп болжануда. Министрліктің бұл туралы толық мәліметі маусым айында жарияланады деп отыр.
NHK World-Japan хабарлауынша, Жапонияда туу көрсеткішінің серпілісі 1947-1949 жылдары байқалған. Тек 1949 жылы 2,69 миллионнан астам бала дүниеге келген бұл рекордтық сан. Алайда шамамен 1974 жылдан бастап туу көрсеткіші төмендей бастады, ал 2016 жылы 1 миллионнан да төмендеді. Содан бері бұл көрсеткіш жыл сайын құлдырап келеді.
NHK атап өткендей, 2024 жылы шамамен 720 мың бала дүниеге келді деген алдын ала есеп, бұл статистика жүргізіле бастағаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Бұған дейін хабарланғандай, егер Жапониядағы туу көрсеткіші қазіргі деңгейде қала берсе, 2720 жылдың 5 қаңтарына қарай елде 14 жасқа толмаған жалғыз ғана бала қалуы мүмкін.