ТЕЛЬМАН ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

0
 Шымкент қаласы, Тельман шағынауданындағы 1200 орынға арналған мектеп құрылысы 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Нысан құрылысын биылғы жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда.
 Мектеп ғимараты бес блоктан тұрады. Жоғары сыныптарға арналған оқу ғимараты, бастауыш сыныптарға арналған жеке оқу ғимараты, әкімшілік бөлмелер, кітапхана, спорт залы қарастырылған.
 Қалада әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарға сәйкес атқарылуда. Соның ішінде білім нысандарын қайта жаңғырту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, күрделі жөндеу мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда қала аумағында 5 мектепке қосымша ғимарат, 9 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ПІКІР ЖАЗУ