ҮКІМЕТ БҮГІН ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫН ТАЛҚЫҒА САЛАДЫ

0

Бүгін сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтіп, онда егін жинау науқаны барысы талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев БАҚ өкілдері тарапынан туындаған сауалдарға жауап береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 22 қыркүйектегі мәліметтеріне сәйкес, Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 9,8 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 61,1 пайызы жиналды. Нәтижесінде 14,8 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 656,1 мың тонна майлы дақыл, гектарына 227,4 центнер өнімділікпен 1,8 млн тонна картоп және гектарына 297,9 центнер өнімділікпен шамамен 2,8 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 323,9 ц/га өнімділікпен 404 мың тоннадан астам қырыққабат, 412,5 ц/га өнімділікпен 717,3 мың тонна пияз, сондай-ақ 290,4 ц/га өнімділікпен 282,8 мың тонна сәбіз қоймаға түсті.

 


ПІКІР ЖАЗУ