ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА 88 МЫҢ НЕКЕ ТІРКЕЛГЕН

Биылғы тоғыз айда Қазақстанда шамамен 88 мың неке тіркелген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Неке саны бойынша Алматы қаласы айқын көш бастап тұр — осы кезеңде мұнда 14 254 жұп некесін ресми түрде қиған.
Екінші орында — Астана қаласы, онда 10 142 жұп өмірін бір арнаға тоғыстырған.
Үшінші орын Түркістан облысына тиесілі — мұнда 6 687 неке тіркелген.
Ал топ-5-ті мына өңірлер түйіндеді: Шымкентте 5 570 неке, Қарағанды облысында 5 394 неке тіркелген.









