САЙРАМ АУДАНЫНДА 100 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Сайрам ауданында кезекті сенбілік өтті. Сенбілік аясында Ақсукент ауылдық округінің Орталық саябағында ағаштар көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, мемлекеттік бөлімдер, «AMANAT» партиясы, Ақсукент округі мен «Көрікті Сайрам» мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Барлығы 100 түп ағаш – шырша, көк шырша, шынар, павловния және қарағай отырғызылды. Бұл – ауданның жасыл аймағын ұлғайтуға бағытталған нақты қадам.
Сонымен қатар ауданның 11 ауылдық округі өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, арық-атыздар мен каналдар тазартылып, аяқ жолдар ретке келтірілді. Қураған ағаштар мен шөптер алынды.
Сенбілікке барлығы 4 мыңнан астам адам қатысып, 17 техника жұмылдырылды. Жалпы 16 тонна қатты тұрмыстық қалдық полигондарға шығарылды.









