СЕНАТОР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫС АЙТТЫ

0

Сенатор Абдалы Нұралиев еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында ауыл тұрғындарының табысын қалай арттыруға болатынын айтты — деп хабарлайды Alashinfo24 .

Депутат өз сауалында «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» қанатқақты жобасының нәтижелеріне тоқталды. Жоба жер телімдерін пайдаланудың тиімділігін, мал мен құстың өнімділігін арттыруға және жем-шөп пен жайылым жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру үшін ауылдар маңындағы жер телімдерін неғұрлым ұтымды пайдалануға бағытталған. Жоба аясында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыру мүмкіндігі де болады.

«Жоба нәтижесінде жеке кәсіпкерлер саны 2 282-ге артып, 589 жаңа жұмыс орындары ашылуы есебінен жұмыссыздар саны кеміді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1 058 отбасыға немесе 65% азайды. Сонымен қатар, жоба аясында мал басы өсіп, ет және сүт өндірісі артқан», — деді сенатор.

Оның айтуынша, аталған жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді.

«Жоба жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға негізделген. Пилот жобаның аясында қосымша 40 ауыл округіндегі 4 000 жобаны жүзеге асыру үшін 20 млрд теңге қаражат қажет болып тұр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 014 «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтауға микрокредит беру» бюджеттік бағдарламасы аясында аталған соманы республикалық бюджеттен бөлуге жәрдемдесуді сұраймыз», — деді Әбдәлі Нұралиев.


ПІКІР ЖАЗУ