КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ БЕРІК БОЛУЫ ТИІС

0

1-қыркүйек Білім күнімен тұстастырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» кезекті халыққа Жолдауында бұрын-соңды болмаған құбылмалы геостратегиялық жағдайда және еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді орындау үшін біздің бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болуға тиіс екендігіне тоқталды.

Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ іске белсенді әрі саналы түрде қатысуын білдіреді. Халық сенімі әділеттілікпен шыншылдықтың даңғыл жолының жандануына үлкен үміт арттыруда. Осы орайда «Жастар –болашаққа апаратын алтын көпір», – дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет.Біздің әлеуметтік-эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын жетілдірудегі және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір Қазақстан жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймын деп жігерленуі тиістеп білеміз. Ел сенімін, үмітін ақтауда-жастардың бар ойы алған білімін болашақта жайлы жұмыс орындарымен тікелей байланыстырады. Осы орайда жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуы және заман ағымынан шет қалмайтындай орны болуын қалайд .

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы барлық басымдықтарының орындалып, еңсерілуіне жастар жағы әрқашанда үлкен сеніммен қарайды және оны назарға алады.

Бақыт БЕКНАЗАРОВ,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Экономика» кафедрасы, PhD докторант, аға оқытушы


ПІКІР ЖАЗУ