ТҰРАН АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Тұран ауданында тұрғындардың өтініштері негізінде, көшпелі кездесулер қорытындысы бойынша берілген қала әкімінің тапсырмаларын іске асыру қарқынды жалғасуда.
Мысалы, Қазығұрт шағынауданында автобус аялдамасы орнатылып, қоғамдық көлік қызметін тұтыну барысы жақсара түсті. Жәнібеков көшесіндегі ирригациялық арықтар толық тазартылып, аумақтағы санитарлық жағдай жақсарды.
Сонымен қатар, Спорт шағынауданы мен басқа да тұрғын алаптарда құлаған ағаштар алынып тасталып, аумақтар ретке келтірілді. Ал Отырар шағынауданында бейнебақылау камераларының жұмысы тексеріліп, жабдықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны анықталды.
Айта кету керек, мұндай іс-шараларды жүзеге асыру өзекті мәселелерді шешіп қана қоймай, мегаполисте тұрақты әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.









