СУ ШАЮ ҚАУПІН БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА БАДАМ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫ БЕКІТІЛЕТІН БОЛДЫ
Бүгінде Еңбекші ауданы аумағынан өтетін Бадам өзені жағалауына бетонды дамба қойылып, бекіту жұмыстары басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге осы аумаққа арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады.
Жоба бойынша 9 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке — 20 жыл, Маятас, Тоғыс елдімекендеріндегі тұрғын үйлерді су шаю қаупін алдын алуға бағытталып отыр. Өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына қарай аяқталады.
Қала әкімі жауаптыларға жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өзен жағалауын бекіту жұмыстарын сапалы әрі тез орындауды тапсырды.