ҚАЛА ӘКІМІ КЕТКЕН КЕМШІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеке қабылдау кезінде мәселе көтерген тұрғынның өтініші бойынша Тұран шағынауданына барды.
Қала басшысы кәріз жүйелерінің құрылысына қатысты шағымданған тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешімін қарастырды. Тиісті мердігер басшысына 10 күн ішінде құрылыс жұмыстары кезінде кеткен кемшіліктерді қалпына келтіруді қатаң ескертті.
Сондай-ақ кәріз құрылысының жұмыс барысын қадағалаған қала әкімі құрылыс мәдениетін сақтай отырып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда кәріз тарту жүйесінің жұмыстары 90 пайыз орындалды. Жалпы, жоба бойынша ұзындығы 50.3 шақырым кәріз құбыры салынады.