«9-20-25» ИПОТЕКАСЫ ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ?

0

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты.

Роман Склярдың айтуынша, бағдарлама 2024 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылады.

«Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске қосылады, бұл мәселе пысықталды және белгіленген мерзімде жүзеге асырылады», — деп сендірді Роман Скляр.


ПІКІР ЖАЗУ