«ЕСІГІМДІ ҚАҚҚАН КІМ?» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ СПОРТШЫЛАРҒА ҰСЫНЫЛДЫ

0
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында спорт саласының мамандары (жаттықтырушылар) мен жас спортшыларға теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру және экстремизм мен терроризмге мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Есігімді қаққан кім?» атты театрланған қойылым ұсынылды. Қойылымды тамашалауға жалпы саны 600-ден астам көрермен жиналды.
Қойылым түрлі діни жат ағымдардан аулақ, дәстүрге берік болуға үндейді. Қойылымда қарапайым отбасы кереғар діни ағымдар ықпалынан радикал топтардың құрсауына түсіп, отбасының ойран болған оқиғалары баяндалады.
Қойылымнан соң халықты жат діни ағымдардан сақтануға, діни ақпараттарды дұрыс көздерден алуға үндейтін «Бүлікшіл Шейх бітімге келмес» деп аталатын бейнеролик ұсынылды. Қойылған көрсетілімдер жиналған қауымның көңілінен шығып, ыстық ықыластарын танытты.

ПІКІР ЖАЗУ