«САПАЛЫ ӨНІМ» ЖОБАСЫ: 5 ТАЛАП-АРЫЗ БОЙЫНША СОТТЫҢ ОҢ ШЕШІМІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫНА ШЕШІЛДІ

0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары О.Әбиев айтты.
«Тұтынушылар құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдар жыл сайын өсуде. Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментке 2023 жылы қаралған өтініштердің жалпы саны 4109 қаралып қанағаттандырылып, тұтынушыларға 181 779 555 теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1959 өтініш артық қаралған. Бұл көрсеткіш бір жағынан – тұтыну таңдаудағы деңгейінің артуын, екінші жағынан – жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін көрсетеді», — деді О.Әбиев.
Қазіргі таңда, ҚР Сауда және интеграция министрлігі тарапынан ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы бағыттағы қоғамдық бастамалар іске асырылуда.
Аталған қоғамдық бастаманы іске асыру үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске қосты. Бұл Қазақстандағы 20 млн. тұтынушыны қамтиды. Соның ішіндегі 1,2 млн. тұтынушы Шымкент қаласынан.
Бүгінде Шымкент қаласында аталған қоғамдық бастаманы іске асыру мақсатында «Ситуациялық штаб» құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Штаб құрамына Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Санитарлық-эпидемиологиялық департаменті, Техникалық реттеу және метрология департаменті және осы бағытта жұмыс жасайтын «Орынтай Сейдалиев», «Дулат», «Тұтынушылық бақылау», «Тұтынушылық қауіпсіздігі» және «SR Қазақстандық лигасы» қоғамдық бірлестіктер кіреді.
Штаб жалпы 8 талап-арыз бойынша сот отырысына қатысты. Оның ішінде: Департамент бастамашылық еткен 2 талап-арыз қаралу үстінде болса, Сот отырыстарына үшінші жақ ретінде қатысқан 6 талап-арыздың 5-і бойынша Соттың оң шешімі тұтынушылардың пайдасына шешіліп, жалпы сомасы 925 759 теңге қайтарылды. 1 талап-арыз Сотта қаралуда.

ПІКІР ЖАЗУ