«ЕКІ ЖІГІТ ҰНАП ЖҮР, БІРЕУІ ОТБАСЫЛЫ АДАМ»: ӘСЕЛ АСҚАРДЫҢ ЖАЗБАСЫ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНУДА

0

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар жеке өмірі жайлы сыр шертіп, көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Сонымен қатар өнер иесі бүгінде неге құрбылары жоқ екенін ашып айтты, — деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар Instagram парақшасында оқырмандары жолдаған сұрақтарға жауап берді. Актриса қазіргі уақытта жаңа қарым-қатынас бастауға әбден дайын екенін айтты. Өнер иесі бір жылдан астам уақыт жалғыз болған. «Жігіттермен танысып жүрмін, телефон нөмірімді де беріп жүрмін. Бәрі жақсы, бірақ өз адамымды әлі кезіктірмедім. Менің адамым мені тауып алады деп сенемін. Арқа сүйер азаматым пайда болғанда міндетті түрде сіздерге хабарлаймын. Менің жеке өмірімде жаңалықтар болып жатса, оны өздеріңіз де біліп қоясыздар деп ойлаймын. Көздерім жанып, шаршамайтын қыз болуды қоямын. Жақсы жігіттер көп», — деді Әсел. 32 жастағы желі жұлдызы қазіргі уақытта өзіне екі азамат ұнайтынын айтты. Алайда олардың біреуінің басы бос емес болып шықты. «Екі жігіт ұнап жүр. Біреуі өте сыпайы әрі бай. Екіншісі — талантты жан. Оның өнеріне ғашықпын. Бірақ ол отбасылы ер адам, балалары бар», — деді актриса.

Сонымен қатар өнер иесі құрбылары жоқ екенін ашып айтты. Оған блогер арудың күйеуі жоқ екені себеп болса керек. «Егер сен ажырасқан әйел болсаң, сенімен отбасылы құрбыларың араласуды қояды. Байқаған боларсыздар? Көп жағдайда солай болып жатады. Неге? Себебі сен қауіпті адамсың. Қысқасы менде қазір құрбыларым жоқ. Мүмкін тұрмысқа шықсам пайда болып қалатын шығар», — деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ