ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ

0

Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Десе де бұл бастама шаһардағы талай саланың тамырына қан жүгіртті десек, артық айтқанымыз емес. Ол қатарда медицина саласы да бар. Қазіргі таңда қаладағы ауруханалардың базасында көптеген күрделі оталар жасалуда. Сәтті де нәтижелі жұмысының арқасында өңірге ғана емес күллі республикаға танылып жатқан мекемелердің саны да артып келе жатыр. Осы орайда, бүгінгі материалымызда Түркістандандағы іргелі орталықтардың бірі турасында тарқата баяндауды жөн санап отырмыз.

Түркістан қаласынан орын тепкен Түркістан қалалық орталық ауруханасы бүгінде қаланың ғана емес, облыс бойынша жоғары деңгейге жеткен және медициналық қызметтер нарығында лайықты орын алатын, ірі емдеу мекемелерінің бірі ретінде танылып келеді. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау мекемесінде 26-дан астам құрылымдық бөлімшелер бар, оның ішінде 15-і — клиникалық және 9 — параклиникалық. Хирургия, ангиохирургия, гинекология, урология, офтальмология, травматология, нейрохирургия, интервенциялық кардиология, оториноларингология, жақ – бет хирургиясы, терапия, нефрология, эндокринология, пульмонология, кардиология, неврология, ревматология бейіндері бойынша халыққа мамандандырылған шұғыл – жоспарлы стационарлық және консультациялық – диагностикалық медициналық көмек көрсетіп келе жатқан бірыңғай орталық. Медициналық мекемеде өз білімі мен тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар пациенттеріне жанының бір бөлігін беретін ортақ міндеттермен біріктірілген пікірлестердің жоғары кәсіби ұжымы жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің саясатындағы стратегиялық басымдықтарға ие екені белгілі. Аурухана әкімшілігі де өңіріміздің медицина саласын үздіксіз дамытып, жаңа жоғары технологиялық деңгейіне шығып жатыр десек, артық айтқанымыз емес. Оның бір дәлелі еліміздің жетекші жақ-бет хирургі Қанағат Қожамжаров туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні бар, сонымен қатар жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көз, мұрын және жоғарғы жақ сүйектерінің ауыр жарақаттарымен түскен пациенттерге күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлерін орындауда. Атап айтар болсақ, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика, остеосинтез сәтті жасалып келе жатыр. Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырықтары бар балалардың туу жиілігі артып келе жатқандығы өзекті мәселелердің біріне айналғаны анық. Өйткені барлық туа біткен ақауларының шамамен 13 пайызын құрайды және соңғы жылдары мұндай пациенттердің саны 2 есе өскен. Мәселен 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы ғана емес Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласының бүлдіршіндеріне 700-ден аса жоспарлы және 50-ден аса шұғыл ота түрлері сәтті өткізілді. Тәжірибелі мамандар мен жас талантты мамандар қатарын толтырып, инновациялық жоғары технологиялық оталарды қолданысқа сәтті енгізе білген Түркістан қалалық орталық ауруханасының басшысы Бекзат Берденов, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайтынына, халыққа жоғары сапалы  медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру бойынша, көптеген маңызды жұмыстар күтіп тұрғанына және аурухана дамуына бағытталған жаңа нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізетіне сенімді.

Айта кетейік, біз сөз етіп отырған аурухана компьютерлік томограф, рентген, жеке медициналық газ станциясымен жабдықталған. Ондағы палаталар 2-3 науқасқа арналған және орталықтандырылған оттегімен, таза ауыз сумен қамтылған. Науқастарға 150 білікті маман қызмет көрсетеді. Аурухананың құрылымында 12 клиникалық бөлімше, параклиникалық бөлімшелер, клиникалық, бактериологиялық, серологиялық зертханалар, эндоскопия, УДЗ, рентген, КТ кабинеттері, дәріхана бар.

 


ПІКІР ЖАЗУ