ӨЗБЕКСТАНДА МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ КӨМІР ӨНДІРІСІ ТӨМЕНДЕДІ

0

Биыл сәуір айында Өзбекстанда өндірілген газ, мұнай және көмірдің көлемі азайды.

Өзбекстан статистика агенттігінің мәліметінше, сәуірде елдегі газ өндірісі 3,7 млрд текше метрге дейін төмендеді. Жалпы биылғы 4 айда 15,3 млрд текше метр көгілдір отын өндірілгенімен, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға кем.

Сонымен қатар бір айда ел шахталарынан қазып алынған көмір көлемі де азайды. Яғни, былтырғы сәуірімен салыстырғанда биыл өндіріс 25,8%-ға төмендеп, 357,7 мың тоннаға тең болды.

Ал, мұнай өндірісі болса 1,3%-ға қысқарып, 62,2 мың тоннаны шамалады. Жалпы биылғы 4 айда Өзбекстандағы мұнай кен орындарынан 241,3 мың тонна қара алтын алынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 6,7%-ға аз.


ПІКІР ЖАЗУ