ДОСТЫҚТА 10 КӨШЕГЕ ЖАҢА АСФАЛЬТ ЖАМЫЛҒЫСЫ ТӨСЕЛУДЕ

0
Достық шағынауданында жол инфрақұрылымы жаңартылуда Абай ауданына қарасты Достық шағынауданында көлік және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын 10 көшеге жаңа асфальт жамылғысы төселуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында заманауи талаптарға сай аяқжолдар да салынып жатыр. Бұл бастама тұрғындар тарапынан оң бағаланып, алғыс білдіруде.
Жол сапасының жақсаруы — тұрғындардың күнделікті өмір сапасын арттырып қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін де қамтамасыз ететіні сөзсіз.
Қаламызда жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде әрі қарай да жалғасатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ