ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫ АЛЖИРДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ГРАН-ПРИ ЖЕҢІП АЛДЫ

0
1–7 желтоқсан аралығында Алжирде өткен “The International Cultural Festival of Desert Theatre” халықаралық театр фестивалінде Шымкент жастар театры Қазақстан атынан қатысып, ең жоғары марапат – Гран-при жүлдесіне ие болды. Ұжым Жан Ануйдың «Антигона» шығармасы негізінде дайындалған қойылымды кәсіби деңгейде ұсынып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде жүлдені Алжир Халық Демократиялық Республикасының Мәдениет министрі табыстады.
Фестивальге Қытай, Сауд Арабиясы, Тунис, Испания, Германия, Ливан, Сирия, Ирак, Дания, Солтүстік Македония, Мавритания және Алжир сынды елдерден театр ұжымдары қатысып, сахналық өнердің үздік үлгілерін ұсынды.
«Антигона» қойылымының халықаралық деңгейде үздік деп танылуы – режиссер Қуандық Қасымов, қоюшы суретші Қалтөре Жұмақұлов, театр директоры Расул Махмудұлы, шығармашылық жөніндегі орынбасар Сержан Құрманәліұлы және көркемдік жетекші Мөлдір Айдарқызының кәсіби еңбегінің нәтижесі.
Шымкент жастар театрының бұл жеңісі – қазақ театр өнерінің халықаралық аренадағы беделін жаңа белеске көтерген айрықша оқиға.
Ұжым сапардың сәтті өтуіне қолдау көрсеткен Шымкент қаласы әкімдігіне және қалалық Мәдениет басқармасына алғыс білдіреді.

ПІКІР ЖАЗУ