БІЛІМ ОРДАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте» салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ерекше тартысты спорттық жарыстар өтті. Іс-шара 2025 жылдың 5 желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, мектептің аға вожатыйы Г.Корласбекова мен мектеп парламентінің «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының бастамасымен жүзеге асты. Бұл жарыстардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге денсаулықтың қадірін түсіндіру, олардың бойында пайдалы әдеттер қалыптастыру, өз денсаулығына саналы түрде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Салауатты өмір салтын ұстану бүгінгі таңда тек таңдау емес, болашақтың сауатты, белсенді, рухани және физикалық тұрғыдан мықты ұрпағын қалыптастырудың басты шарты саналады. Мектеп ұжымы осы ұстанымды берік ұстана отырып, оқушылардың қызығушылығын оятатын, бірлік пен белсенділікті арттыратын мазмұнды шара өткізді. Жарысқа барлық сыныптар белсенді қатысып, әр топ өздерінің спорттық қабілеттерін, жылдамдығын, ептілігін, командалық бірлігін дәлелдеуге тырысты. Оқу ордасының ауласында жарқын көңіл-күй орнап, оқушылар арасындағы тартысты бәсеке көрген жанды тәнті етті. Әр команда жеңіске жету үшін бар күшін салып, нағыз жігер мен табандылықты көрсетті. Жарыс жолында тек физикалық дайындық емес, ақыл-ой мен стратегия да маңызды рөл атқарды. Балалардың бір-біріне қолдау көрсетіп, өз командаластарын жігерлендіріп отырғанын көру — шараның тәрбиелік маңызын айқын көрсеткен сәттердің бірі болды. Сонымен қатар бұл іс-шара оқушылардың бойында достық, өзара құрмет және ынтымақтастық сезімдерін нығайтуға ықпал етті. Әр қатысушы жеңіске ғана емес, ортақ ұйымшылдыққа мән беріп, қарсыластарына да қолдау көрсетіп отырды. Бұл – «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарының бірі. Бағдарлама шәкірттерді тек білімді ғана емес, жан-жақты дамыған, мәдениетті, жауапкершілігі жоғары тұлға болуға жетелейді. Мектепте ұйымдастырылған спорттық жарыстар дәл осы мақсаттарға сай келетін мазмұнды тәжірибе алаңы болды.
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар мен грамоталармен марапатталды. Бұл марапаттар оқушылардың еңбегін бағалау ғана емес, олардың алдағы уақытта да спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын тұрақты ұстануына қосымша мотивация берері сөзсіз. «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты спорттық іс-шара мектептің тәрбиелік үдерісіндегі маңызды қадамдардың біріне айналды. Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы және денсаулыққа деген жауапты көзқарасы олардың болашағының жарқын боларына сенім ұялатады. Осындай мазмұнды бастамалар жас ұрпақтың дені сау әрі жігерлі болып қалыптасуына зор үлес қоса беретіні сөзсіз.









