КАСПИЙДІ САҚТАУҒА 1,1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

0

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 миллиард теңге бөлінді.

«Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», — делінген Үкімет хабарламасында.

Бүгінде ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграцияланып жатыр, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.


ПІКІР ЖАЗУ