Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмектесу үшін қаражат жинау басталды

0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады. Тиісті құжат ҚХА ресми сайтында жарияланды. 

«Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясын ұйымдастыруды бастағанын хабарлайды. 4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды», — деді ҚХА өкілдері. Сондай-ақ, құжатта эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілгені де айтылған. «Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет. Осыған байланысты қаражат жинау басымдылықта екенін түсініп, оны арнайы ашылған есепшотқа жіберсеңіздер болады: 8 747 482 64 49. Бұл жұмысты үйлестіру «Қоғамдық келісім» РММ-ға жүктелді. Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 705 558 05 08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы»,- деп жазылған ҚХА сайтында.


ПІКІР ЖАЗУ