Тоқаев Қостанай облысына барды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, кеше, 4 қыркүйек күні кешкісін Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. 4 қыркүйек сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Әулиекөл ауданындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асқан. Оқиға орнына тікұшақтар, ұшақ және 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.


ПІКІР ЖАЗУ