«Жасылдар «Байтақ» Партиясының қалалық жиыны өтті

0

Шымкент қаласында Қазақстанның тіркелмеген Жасылдар «Байтақ» партиясының қалалық жиыны өтті. Жиынға қатысқан партия мүшелері күн тіртібіне енген бірқатар мәселелерді қарады. Атап айтқанда, Шымкент қаласы бойынша «Байтақ» Жасылдар» партиясын ұйымдастыру комитетінің атқарып жатқан жұмысы мен қазақстандық «Байтақ» жасылдар» партиясының Құрылтай Съезіне Шымкент қаласынан делегаттарды сайлау.

Шымкент қаласы бойынша «Байтақ» Жасылдар партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Байқонақов Нұрбол Сүлейменұлы бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. Сондай-ақ, ұйымның алдағы жоспарлары туралы арнайы баяндама жасады. Жиналыс қорытындысы жасалып, Шымкент қаласы бойынша «Байтақ» жасылдар»  партиясын ұйымдастыру комитетінің атқарып жатқан жұмысына оң баға берілді.

Сонымен қатар, 24 қыркүйек 2022 жылы Алматы қаласында өтетін Қазақстандық «Байтақ» жасылдар» партиясының Құрылтай Съезіне Шымкент қаласынан делегаттар бір ауыздан сайланды.

 


ПІКІР ЖАЗУ