Грузия билігі ресейліктер үшін шекараны жабуды ұсынды

0

24 қыркүйектегі жағдай бойынша Грузия мен Ресей шекарасында 2,3 мың көлік жиналған. Бұл жағдайға байланысты парламент депутаты Нона Мамулашвили Ресейден келетін ер адамдар үшін шекараны 26 қыркүйектен бастап жабуды ұсынды, деп хабарлайды Alashinfo.kz ақпарат агенттігі.

Депутат шекарадағы жағдайға байланысты биліктің еш шара қабылдамағанын мәлімдеді.

Кейін Нона Мамулашвили үкіметтің шекараны 27 қыркүйектен бастап жабатынын айтқан. Шекарадан 18 бен 55 жас аралығындағы ер адамдар өте алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде азаматтарға Қазақстанға шығуға тыйым салына бастағаны туралы хабарлаған едік. Сонымен қатар басылым ресейлік «Озинки» және «Звериноголовское» өткізу пункттерінде берілген әскерге шақырту хаттарын да жариялады. Бұл өткізу бекеттері Қазақстанмен шекарада орналасқан.


ПІКІР ЖАЗУ