Оралда кинотеатр директоры баспана таба алмаған ресейліктерді кино залында түнеуге шақырды
Оралдағы CinemаРark директоры баспана таба алмаған азаматтарды кино залында түнеуге шақырды. Сөзінше, мұндай шешім қабылдауға пәтер жалға алу құнының шарықтап кетуі себеп болған, деп хабарлайды Alashinfo.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.
Дилара Мұхамбетованың сөзінше, қалада балаларымен бірге баспана таба алмай жүргендерді көрген. Көпшілігі көмек керек емес екенін айтып, сенімсіздік танытқан.
«Пәтер тапқандарын айтты. Көмек керек емес дейді. 22:30-да шешім қабылдап, сауда үйінің басшылығымен келісіп, адамдарды түнеуге кіргізуге рұқсат алдым. Себебі баламен жүргендер көп. Олар қорқып қалған. 23:00-де адамдар келіп, алғыс айтты, күні бойы түнейтін орын таба алмағандарын жеткізді. Бір залды босатып, шай бердік. Еріктілер ыстық тамақ алып келді. Шамамен 200 адам, төрт зал жиналды», – дейді әйел.