Тоқаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысын тағайындады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — делінген өкім мәтінінде. Сонымен қатар, тағы бір құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Топаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

 


ПІКІР ЖАЗУ