Тегін баспана, тамақ: Оралға келген ресейліктерді қазақстандықтар қалай қарсы алуда

0

Орал тұрғындары қалаға келген ресейліктерді құшақ жая қарсы алып жатыр. Олар қонақтарға тегін баспана ұсынып, азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Ал жергілікті кинотеатр мобилизациядан қашқан көрші ел азаматтарына үлкен залға түнеп шығуға рұқсат берген, деп жазады Alashinfo.kz.

Көмек көрсетіп жатқан қазақстандықтардың видеосы Ксения Собчактың «Кровавая барыня» Telegram арнасында жарияланған. Онда қазақстандықтардың «босқындарға» қонақжайлық танытып, қарсы алып жатқаны көрсетілген. Тұрғындар көліктерінен ыстық тамақ, су таратуда. Вокзалдан шыға берісте де тегін су қойылған. Арнаның хабарлауынша, тұрғындардың кейбірі SIM-карта берсе, біреулер үйінде түнеуге рұқсат етуде. «Дегенмен, барлығына жатын орын табыла бермейді, келушілер санының көптігі сонша, қала мешіттері де оларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді», — деп жазады парақша. Сондай-ақ сенбі күні кешке жергілікті сауда орталығында орналасқан Cinema Park кинотеатры Instagram парақшасында Ресейден келушілерге кинотеатрда түнеуді ұсынатынын мәлім етті. Кинотеатр әкімшілігі қалада жалдамалы пәтер құны шарықтап кеткенін атап өткен, сондықтан олар ресейліктерді кинозалға орналастыру туралы шешім қабылдаған.

 


ПІКІР ЖАЗУ