Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
![](https://alashinfo.kz/wp-content/uploads/2022/09/13540205175380679165.jpg)
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам екі аптадан кейін рингке оралады. Бұл ақпаратты оның жаттықтырушысы растады, деп хабарлайды Alashinfo.kz.
Қанат Исламның бапкері Роджер Ромоның сөзінше, былғары қолғап шеберінің келесі жекпе-жегі 7 қазан күні өтпек. Отандасымыздың кіммен және қайда жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын. Екі боксшы орта салмақтағы WBO Global ваканттық атағына таласты. Жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласына есе жіберді. Бұл — боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі.