ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ДЕРЕК ШЫҚТЫ

0

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, — деп хабарлайды  AlashInfo24 тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Роликте Қайрат Нұртас көліктің артында отырғанын көруге болады. Кейін полиция Mercedes-Benz көлігін анықтап, жүргізішісі жазаланған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласында ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы («Жол белгілерінде көзделген талаптарды орындамау» – еск.) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы, құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді», — деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.


ПІКІР ЖАЗУ