БАНКТЕР МЕН МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ СТРЕСТІК АКТИВТЕРДІ САТА БАСТАДЫ

0

Стрестік активтер нарығын одан әрі дамыту үшін цифрлық платформа жасалады. Бүгінде платформаны құрудың гибридті моделі анықталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлім етті — деп хабарлайды  AlashInfo24 тілшісі.

«Стрестік активтер нарығын одан әрі дамыту үшін біздің агенттік цифрлық платформа құру бастамасын қолға алды. Аккредиттеу мен қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін бірыңғай платформаның гибридті моделі анықталды. Биыл жыл соңына дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарының цифрлық платформада стрестік активтерді міндетті түрде сатуы туралы заңнамаға түзетулер енгізу жоспарланып отыр», – деді Олжас Қизатов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, заңға өзгерістер енгізу арқылы агенттікке стресс активтерді цифрлық платформа арқылы сату бойынша бірыңғай талаптарды белгілеу өкілеттігі берілмек.

«Бірыңғай талаптардың тізбесі «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер деңгейінде бекітіледі. Бекітілгеннен кейін оны цифрлық платформаларға сәйкестендіру үшін белгілі бір уақыт қажет», — дейді ол.


ПІКІР ЖАЗУ