ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

0

Шымкент қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Мәжілісті қалалық фракция жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы ашып, жүргізді.

Фракция отырысына қалалық филиал төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, қалалық филиал Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы және мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері мен филиал қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Жолдауындағы партия тарапынан атқарылатын жұмыстар барысы талқыланды. Партия төрағасы Ерлан Жақанұлының актив отырысында берген тапсырмалары назарға алынып, алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасу болды.

Бахадыр Мәдәліұлы фракция мүшелеріне жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Жолдаудағы міндеттердің жүйелі орындалуын бақылауға алуды тапсырды. Алдағы уақытта сайлаушылармен жүздесіп, Жолдаудың мән-маңызын кеңінен насихаттауды қолға алу міндеттелді. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламаның орындалуы, тұрғындардың нақты мәселелерінің шешілуі сияқты өзекті тақырыптарды заңдық тұрғыдан қарастырып, проблемалардың уақытылы шешілу жолдарын ұсынып, жүйелі жұмыс атқаруды пысықтады.


ПІКІР ЖАЗУ