«АРСЕЛОР МИТТАЛ ТЕМІРТАУ» РЕСЕЙ КОМПАНИЯСЫНА БЕРІЛЕ МЕ?

0

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Арселоар Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясының келетіні туралы мәліметке пікір білдірді.

«Олай емес, Ресей компанияларынан ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Тағы да түсіндіріп айтайын, ешқанда келіссөз жүріп жатқан жоқ», — деді бірінші вице-премьер Ақордада тілшілер сұрағына орай.

Сондай-ақ Роман Скляр әзірге инвестор қай елден келетінін айту ерте екенін атап өтті.

«Иә, шынымен де, компания қондырғыларды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіруде. Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Оның бәрі бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан өндірісті дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі – негізгі басым бағыт. Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, ерте болады», — деді бірінші вице-премьер.


ПІКІР ЖАЗУ