МАҢҒЫСТАУДА АРЫЗ БЕРГЕН 2,5 МЫҢ АДАМНЫҢ НЕБАРЫ 13-І ҒАНА БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛДЫ

0

Маңғыстауда 13 адам банкрот деп танылды. Олардың қарызы 25 млн тенгеге жеткен. Жалпы банкрот жариялауға 2500-ге жуық адам арыз берген. Бірақ мемлекет олардың бәрін бірдей банкрот деп таныған жоқ.

Қазір қаралған істің 250-ден астамы тексеріліп жатыр. Ал талапқа сай келмеген 2129 борышкердің өтінімі мақұлданбаған.

Басты себеп — несие тарихының талаптарға сай болмауы.

«Бұл рәсімнің келесідей салдары бар: бес жыл ішінде жаңа несие алуға тыйым салынады және мұндай азаматтардың үстінен 3 жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ алимент бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу жөніндегі қарыздар есептен шығаруға жатпайды. Сонымен қатар, облыс бойынша 17 жеке тұлға сот банкроттығы рәсімі бойынша сотқа арыз берген. Оның ішінде 1 азаматтың арызы қанағаттандырылып сот шешімі шықты», — дейді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Базарбек Баймағамбетов.


ПІКІР ЖАЗУ