ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

0

Бүгін мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева Шымкент қаласы журналистер одағының төрағасы Қ.Уәли және одақ мүшелері Б.Тайжан, Ә.Әссанди, Қ.Ботабаеков, Е.Әмірбек, Н, Орынбай, Т.Балтабаевпен кездесіп, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын насихаттау бойынша пікір алмасты.

— Президенттің Жолдауын халыққа түсіндіру үшін насихаттық жұмыстардың ауқымын кеңейту мақсатында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып жатқан газет-журналдар мен ақпараттық агенттіктіктермен тығыз қарым-қатынаста болғанымыз абзал. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл саланың өкілдері – бүгінде халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондай-ақ, қоғамдық пікір тудыратын, жаңалықтың жаршысы болатын ақиқат шырақшылары десек те артық айтқандық емес, — деді Ж.Бектаева.

Кездесу барысында өңіріміздегі беделді қаламгерлер бұқаралық ақпарат құралдарының алдында тұрған міндеттер туралы өз ойларымен бөлісіп, олар халықты ақпараттандырып қана қоймай, қазақстандық патриотизм, гуманизм, толеранттылық идеяларын сіңіруге тырысатындықтарын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ