СПОРТШЫЛАРҒА ЖОЛДАУ НАСИХАТТАЛДЫ

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева Шымкент қаласы №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесіп, Президент Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын түсіндіріп, насихаттады.

Мемлекет Басшысы халықтың денсаулығын сақтау, халықты спортпен айналысуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақстандықтарды салауатты өмір салтына жас кезінен үйретуде спорттық мектептердің рөлі орасан. Қазіргі таңда аталмыш мектепте спорттың 9 түрі бар, атап айтқанда каратэ (WKF), таеквондо, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі, кикбоксинг, бокс, грек-рим күресі, аралас жауынгерлік жекпе-жекпен мыңнан астам спортшылар шұғылданады.

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Осы орайда «AMANAT» партиясы спорт саласын дамыту бойынша Сайлауалды бағдарламада кешенді жоспарлар қойып, бүгінде Жол картасының жүйелі орындалуын бақылауда ұстап келед деді — Ж.Бектаева.


ПІКІР ЖАЗУ