СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ 276 ОРАМЫНДА 1370 АБОНЕНТ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Сәуле ш/а 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын “Ремстрой” ЖШС мердігер мекемесі жүргізген болатын. Нысан бойынша технадзор: “Expert M” ЖШС,автор: «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС.Жоба құны: 512 млн. тг тұрады.
Құрылысы 2022 жылы басталған нысанның жұмыстары барысында қазіргі таңға дейін ұзындығы 29 шақырымнан тұратын газ құбыры жүргізілді.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тәмәмдалып, нәтижесінде 1370 абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГаз»АО бірлесіп техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде қамтамасыз ету жұмыстары жасалатын болады.
Жалпы 2023 жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарда.